Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі

0 26
Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты.
Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеу қажеттігін жеткізді. Қазақстанның жұртшылығына танымал етудің маңыздылығына тоқталды.
«Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет.
Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс», — деді Президент жиында
Leave A Reply

Your email address will not be published.