Журналист Эльмира Мырза-Ғали «Құрмет» орденінің иегері атанды
Эльмира Иниятқызы 1980 жылы 12 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001-2002 жж. №45 гимназияда шешендік сөздер пәнінен мұғалім болып бастаған.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ қазақ әдебиет кафедрасында оқытушы, 2005 жылы «Қазақстан РТРК» АК ЖОФ редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.
2006-2012 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакторы, 2012-2021 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Анаға тағзым» КММ директоры.
Осы ретте «Aq jol» редакциясы атынан әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтай отырып, толайым шығармашылық табыс тілейміз.
фото: