Игілік ауылдық округінде Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті.

0 51
 Көктемнің келуі мен жаңарудың белгісіне айналған бұл мереке ауыл тұрғындарын бір алаңға жинап, ерекше көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара барысында ауыл өнерпаздары сахна төрінде әсем әндер орындап, ұлттық нақыштағы қойылымдар ұсынды. Көрермендерге халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен насихатталды. Әсіресе, жастардың белсенділігі мен өнерге деген қызығушылығы көпшіліктің көңілінен шықты.
Шара барысында ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл тұрғындары бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, татулық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Мерекелік кештің соңы ұлттық спорт түрлерімен жалғасын тапты. Қатысушылар күш сынасып, ептілік пен батылдықтарын паш етті. Бұл сайыстар көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекенің мазмұнын одан әрі аша түсті.
Игілік ауылдық округінде өткен Наурыз мейрамы ауыл халқының ынтымағы мен бірлігін айқындап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.