Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
ҰОК
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирдің жеңімпазы атанды: 22 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Афинада (Грекия) өтіп жатқан Aphrodite Cup турнирінің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз көпсайыс қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Ерекешева жалпы есепте 109,700 ұпай жинады.
Екінші орынды Румыния спортшысы Андреа Вердес иеленді — 104,250 ұпай. Ал үздік үштікті Болгария өкілі Дара Стоянова түйіндеді — 103,450 ұпай.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278528-gimnast-aqmaral-erekeseva-grekiiadagy-turnirdin-zenimpazy-atandy