Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот
Қарағандыда әйелдің үстіне жарық бағаны құлап, көз жұмды (ВИДЕО): 22 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қарағандыда жолдан өтпек болған әйелдің үстіне жарық бағаны құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай Қарағандының 22-ші шағын ауданында болған.
«59 жастағы әйел жолдан кесіп өтпек болғанда, күтпеген жерден жарық бағаны құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады», – делінген хабарламада.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
«Қарағандының 59 жастағы тұрғынының қаза болу фактісі бойынша (104-баптың 1-бөлігі) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар жасалып жатыр», – дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278523-qaragandyda-aieldin-ustine-zaryq-bagany-qulap-koz-zumdy-video