«Сыртқы еркіндіктен айырылып…»: Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шыққанын айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден
«Сыртқы еркіндіктен айырылып…»: Вайнер Мейіржан Төребаев бостандыққа шыққанын айтты (ВИДЕО): 21 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Бостандыққа шыққан танымал вайнер Мейіржан Төребаев әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өміріндегі күрделі кезеңнен кейін ішкі еркіндікке қол жеткізгенін айтты.
Айтуынша, адам өмірдің беретін сынақтары мен сабақтарынан қашып, шынайы бақытқа жете алмайды.
«Сыртқы өмірде еркіндігімді жоғалтқан сәтте, ішкі еркіндікті таптым. Демек, бәрі солай болуы керек еді. Жаным іздеген тәжірибеден бас тарту мүмкін емес», – деп жазды ол.
Сондай-ақ вайнер өзіне уақыт пен тыныштық қажет болғанын, сол арқылы өзін қайта танығанын жеткізді.
«Кейде жаңару үшін күйреу керек. Бұл – жанның жарқын сапары болды. Осы тәжірибе үшін Аллаға шүкір, ол – баға жетпес», – деді Мейіржан Төребаев.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278515-syrtqy-erkindikten-aiyrylyp-vainer-meiirzan-torebaev-bostandyqqa-syqqanyn-aitty-video