Актер Асқар Жұмабек қамауға алынды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден
Актер Асқар Жұмабек қамауға алынды (ВИДЕО): 21 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Полиция актер Асқар Жұмабекті 10 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде таралған ер адамның агрессивті әрекеті бейнеленген бейнежазбаға байланысты Медеу ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізген.
Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілген.
«Азамат А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тексеру барысында оның қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік танытқаны анықталған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.»,- делінген полицияның хабарламасында.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278508-akter-asqar-zumabek-qamauga-alyndy-video