Жамбыл облысында әскериге оқ тиіп, қаза тапты
Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығына оқ тиіп, қаза тапты. Қайғылы оқиға 15 наурыз күні күзет бекетінде болған, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, үшінші қарауыл бекетінде ведомстволық күзет атқышы қарабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тигізген. Зардап шеккен азамат ауыр халде әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Оқиғаға қатысты тұлғалардың екеуі де әскери қызметші емес, азаматтық қызметкерлер екені анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ресми органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты құзырлы мекемелер растап, тиісті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады.
ІІМ Әскери-тергеу департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен кешенді процессуалдық іс-шаралардың нәтижесінде анықталады.
фото: Gov.kz