Атыраудың 62 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап өлтірді

0 33

Атырауда ер адам отбасылық жанжал кезінде әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды  Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп.

16 наурыз күні шамамен сағат 03:30-да полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

«62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

фото: pixabay.com
Leave A Reply

Your email address will not be published.