Қостанай облысында әйелді өртеп жіберген ер адам бес жылға сотталды

0 60
Қостанай облысында әйел адамды өртегені үшін сот ер адамды денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

«Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды ескере отырып, сот К.-ға жазаны орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру түрінде тағайындады», – делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сот мәліметтері бойынша, оқиға 2025 жылғы тамызда Қостанай ауданындағы саяжай учаскесінің аумағында болған. Сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал туындап, оның барысында ер адам әйелге бензин шашып, оны өртеп жіберген.

Нәтижесінде жәбірленуші дене бетінің 30–35%-ын термиялық күйік шалып, бұл өмірге қауіптілік белгісі бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиян деп танылды.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, баптың санкциясы шегінде ең төменгі жаза тағайындауды сұрағаны атап өтілді. Сот асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сондай-ақ сот жәбірленушінің материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын қанағаттандырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

фото: Reuters.com

https://malim.kz/article/qostanai-oblysynda-aieldi-ortep-zibergen-er-adam-bes-zylga-sottaldy?utm

Leave A Reply

Your email address will not be published.