Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды
Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды.
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Қайрат Нұрпейісов Қырғызстандағы елші қызметінен босатылды.
Рәпіл Жошыбаев 1963 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген. Қырғыз мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы ретінде бастаған. Қазақстанның Литвадағы елшілігінде жұмыс істеді. Президент Протоколы бастығының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі болды.
2004-2007 жылдары Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, СІМ жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымдарын да атқарды. 2018-2019 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығын» басқарды.
Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.
І санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.