14 наурыз – Көрісу күніне орай сотталған азаматқа туыстары келді

0 66

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай тәрбиелік маңызы бар іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрді дәріптеу және сотталған азаматтардың жақындарымен байланысын нығайту мақсатында мекемеде сотталған азаматтарға туыстарымен кездесу мүмкіндігі берілді.

Іс-шара барысында сотталған азаматтардың туыстары арнайы келіп, бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасты. Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүрлердің мәні айтылып, отбасы құндылықтарының маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай кездесулер сотталған азаматтардың рухани қолдау алып, қоғамға қайта бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Мекеме әкімшілігі алдағы уақытта да ұлттық мерекелер мен тағылымды іс-шараларды ұйымдастырып, сотталған азаматтардың тәрбиелік және рухани дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастыра беретінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.