Сарысулықтар туризмді қайта түлетпек

0 450

Жамбыл облысы – Қазақстан халқының мәдениетінің қалыптасу тарихы мен дамуын зерттеуде маңызды рөл атқаратын облыстардың бірі.

Бай тарихы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, жанға жайлы климаты, қайталанбас көркем табиғаты Жамбыл облысын тартымды туристік нысанға айналдыруда.

Осыған орай бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Жаңатас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Тараз-Жаңатас автожолының бойында, Сарысу ауданында, Табиғаты сұлу, үлкен Ақтау тауының қос шатқалынан ағып шығатын «Ақтоғай» мен қаладан шыға берістегі «Ақбұлаққа» барып туризмді дамытуды қарастырды.

Табиғаты ерекше, жасыл желекті айналасында жуан белді тал ағаштары жайқалып өсіп тұр. Әулие бұлақтың төменгі жағында алма ағаштары егілген.

Сол маңда үзілген сулардан құралған «тұйық қара су» деп аталатын су жиындығынан жиналған көлшік бар. Оның айналасында майда жіңішке қоғалар өсіп тұр.

Осындай табиғаты ерекше Сарысу ауданында туризмді дамытудың болашағы жоғары.

Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.