«Тәкаппарлық па?»: Жазира Байырбекова көпшіліктің сынына жауап берді

0 51

Видеодан скриншот

«Тәкаппарлық па?»: Жазира Байырбекова көпшіліктің сынына жауап берді: 7 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Дубайдан елге оралған әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сынға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі желі қолданушыларының бірі жазған пікірді бөлісіп, оған қатысты түсініктеме берген.

Пікір авторы әншіден неге елге қарапайым жолаушылармен бірге ұшпағанын сұрап, бұл әрекетін тәкаппарлыққа балаған.

«Қарапайым халықпен келгіңіз келмеді ме? Барлығы келіп жатыр ғой Қазақстан ұшағымен. Сіздікі тәккәппарлық па?» – деп жазған желі қолданушысы.

Бұл сынға жауап берген Жазира Байырбекова шетелде жүрген кезде ұшақты таңдап міну әрдайым мүмкін бола бермейтінін айтты.

«Ол жерде ұшақты таңдап отырмайсың. Отырғызса, қуана мінесің», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекова шетелден елге аман-есен оралғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған еді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277468-takapparlyq-pa-zazira-baiyrbekova-kopsiliktin-synyna-zauap-berdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.