Нахчывандағы шабуыл: Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді

0 32

Ақорда

Нахчывандағы шабуыл: Әзербайжан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді: 7 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына жасалған шабуылға байланысты білдірген ұстанымы үшін алғысын жеткізді. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Нахичеваньға Иран мемлекеті тарапынан жасалған шабуылдарды айыптағаны және елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін. Бұл — Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы бауырластық және одақтастық рухының көрінісі», — деп жазды Әзербайжан басшысы.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран ұшқышсыз аппараттарының Нахчыван қаласындағы әуежайға жасаған шабуылына қатысты өз ұстанымын жариялап, бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң айыптайтынын мәлімдеген болатын.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277472-naxcyvandagy-sabuyl-azerbaizan-prezidenti-qasym-zomart-toqaevqa-algysyn-zetkizdi

Leave A Reply

Your email address will not be published.