Иран Түркияға бағытталған зымыран соққысына қатысты мәлімдеме жасады
Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Түркия бағытына зымыран ұшырылғаны туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Тегеран өз мәлімдемесінде Түркияны көршілес әрі дос мемлекет ретінде санайтынын және оның егемендігін толық құрметтейтінін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранның елдің әуе қорғанысы жүйесі арқылы атып түсірілгенін хабарлаған болатын. Бұл Таяу Шығыстағы қазіргі шиеленіс басталғалы бері тіркелген алғашқы оқиға. Анкараның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, алайда зымыран сынықтары Түркия аумағына құлаған.
Түркия билігі кез келген агрессияға жауап беруге дайын екенін және қажет болған жағдайда НАТО-дағы одақтастарымен кеңес өткізетінін мәлімдеді. Еске сала кетейік, бұл жағдай Иран мен Израиль-АҚШ коалициясы арасындағы ашық әскери қақтығыстың ушығуы аясында орын алып отыр.
U.S. Army