Әскери мектеп-интернатқа түсу үшін
”Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Бауыржан Момышұлы атындағы дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қабылдау Ережесі
Құжаттарды онлайн — тіркеу және қабылдау 2026 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының qabyldau.daryn.kz сайтында жүргізіледі.
Пән бойынша тестілеу 15-мамыр мен 15 маусым аралығында өтеді.
Тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт — 120 минут.
Медициналық тексеруден өту.
Медициналық тексеруге тестілеуден өткен оқушылар ғана жіберіледі. Медициналық тексеруден 2026 жылдың маусым айында өтеді.
Кандидаттар тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау мекемелерінен төмендегі тексерулерден өтіп, медициналық анықтамаларын мектеп-интернатқа алып келеді.
1. Психоневрологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша немесе ХҚКО-дан);
2. Тері-венерологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
3. Туберкулез диспансерінен анықтама (тұрғылықты жері бойынша немесе ХҚКО-дан);
4. Наркологиялық диспансерден анықтама (тұрғылықты жері бойынша немесе ХҚКО-дан);
5. Инфекционист дәрігерден соңғы 12 айдағы анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
6. Оқу орындарына түсу үшін № 052/У және №027 медициналық анықтама (тұрғылықты жері бойынша);
7. Профилактикалық егу картасы (№063/у немесе 065/у формасы, мектепте);
8. Баланың денсаулық паспорты (немесе бар болса, баланың жеке картасы, мектепте);
10. Жалпы қан анализі (егжей-тегжейлі, 10 күннен ерте емес). Мерезге Микрореакция
11. Биохимиялық қан анализі: АЛТ, AСТ, билирубин, қант (10 күннен ерте емес)
12. Жалпы зәр анализі (10 күннен ерте емес);
13. ЭКГ тыныштықта және жүктемеден кейін;
14. Кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу (медициналық куәландыру күні бойынша үш айдан кеш емес);
15. Эхокардиография (жүрек ультрадыбыстық);
16. Параназальды синустың рентгенографиясы (сипаттамасымен);
17. Екі аяқтың рентгенографиясы жүктемемен, жалпақ табанға (сипаттамасымен);
18. Іш қуысы + бүйрек мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі;
19. Адамның иммун тапшылығы вирусына (ВИЧ) қан анализі;
20. В және С гепатиттерінің маркерлеріне қан анализі;
21. Қан тобы және резус-факторы;
22. Гельминт жұмыртқасына нәжісті талдау;
23. Лямблиядағы нәжісті талдау;
24. Ауыл тұрғындары үшін бруцеллезге қан анализі;
25. Көз дәрігерінің кеңесімен Рефрактометрия;
26. Тіс дәрігерінен анықтама;
27. Окулист, ортопед, хирург, невропатолог дәрігерлерінен анықтама;
28. ВКК-дан денсаулық жағдайының әскери мектеп-интернатына жарамдылығы туралы анықтама.
Кандидаттың денсаулық жағдайына қойылатын жалпы талаптар:
көздің көру өткірлігі 0,8 төмен емес, коррекциядан өткен жағдайда 1,5 Д-дан артық болмауы тиіс;
жалпақтабандылық артрозсыз, 2 дәрежеден аспауы тиіс;
туа біткен меңнің (қалдың) көлемі 10 шаршы см- ден аспауы тиіс;
ішкі органдар мен жүйелерінде туа біткен ауытқулардың дамуы және созылмалы ауруларының болмауы тиіс.
Психодиагностика және физикалық іріктеуге медициналық тексеруден оң қорытындымен өткен оқушылар жіберіледі. Психодиагностика және физикалық іріктеу мектеп-интернат базасында 2026 жылдың маусым айында өтеді.
А) Кәсіби-психологиялық іріктеу кандидаттардың жеке-психологиялық ерекшеліктерін, мамандандырылған әскери мектепте табысты оқу және одан әрі әскери-кәсіптік қызмет үшін қажетті әскери-кәсіптік бағыттылығы мен уәждемесін зерделеу мақсатында жүргізіледі және оған психологиялық тестілеу, IQ тесті, эссе жазу, жеке әңгімелесу және бақылау кіреді.
Ә) Денешынықтыру бойынша нормативтерді орындайды.