ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҮЙЛЕСТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0 64
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен мәжіліс өтіп, үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының іс-шара жоспары жан-жақты талқыланды. Талқылауға жауапты басқармалармен қатар, Арыс қаласы, Келес, Сарыағаш, Сауран, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарының әкім орынбасарлары, ауыл шаруашылығы бөлім басшылары, аумақтық инспекция басшылары мен мамандары қатысты.
▪️Зиянкестер таралған аумақтарға талдау жүргізіліп, фитосанитариялық картасы жасалды. Нәтижесімен 65 сектордың бөлінісі белгіленіп, келісілді. Мамандар Арыс, Келес, Сарыағаш аумақтарында күбірше тығыздығы былтырғыдан аз болатынын болжауда. Алайда, орналасу аймағы кеңейеді деген күдік бар.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, қазіргі таңда «Болжам орталығы» күбіршелерге көктемгі зерттеуді бастады. Нұрбол Тұрашбеков науқан барысында аудан-қала әкімдіктеріне жүктелетін міндеттерге тоқталды.
📌– Анықтаушылардың тізімін, тасымал көліктерін, орынжайларды дайындау барысында, тағы басқа туындаған мәселелер болса, сәтін күтпей шұғыл хабарлауды тапсырамын. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес белгіленген тапсырмалар мерзімінде орындалуға тиіс. Алқаптардағы дайындық ұсынылған есеппен сәйкес келмеген жағдайда тиісті жауапкершілік қаралатынын ескертемін. Жұмыстың шынайы көрсеткіші – оның нәтижесі екенін ұмытпайық, – деді облыс әкімінің орынбасары.
▪️Химиялық өңдеу барысындағы қауіпсіздік шаралары да назардан тыс қалмады. Науқан басталғанша барлық анықтаушылар арнайы дайындықтан өткізілуі шарт. Сондай-ақ жауаптыларға жер иелеріне өз аумақтарын тұрақты зерделеу қажеттігі бойынша хабарламалар таратуды аяқтау жүктелді.
▪️Өңдеу жұмыстарын ауа райына байланысты сәуір айының екінші онкүндігінде бастау көзделіп отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Leave A Reply

Your email address will not be published.