Тараздағы тазша бала

0 379

Өткен жылы қалалық «Jambyl-Taraz» қоғамдық-саяси газетінің бастамасымен сатира саңлағы, шоқ тілді Шона Смаханұлының ізін жалғап, астарлы әзілдің майын тамызып, тілінің тікенімен түйреп алар қаламгерлерді анықтау мақсатында «Қырық өтірік» шығармашылық байқауы ұйымдастырылған болатын. Сол байқауда БАС ЖҮЛДЕ алған Шапағат ӘБДІРҰЛЫНЫҢ жыр шумақтарынынан үзінді.

 

Мен өзім жігіт едім мыңға келген,

Құдай мені анама пұлға  берген.

Шын айтам талшыбықтай қызға айналды,

Таяғым кеше түнде құмға көмген.

 

Түске асқа доллар жедім мұнай ішіп,

АҚШ қа кетті оқуға құмай ұшып.

Қалың эвро жабылып теңгені ұрып,

Көгеріп көзі жүрді  бір ай ісіп…

 

Австралия асам десең күрішке мін,

Торғайдың қарызға алдым тыныс,демін.

Меркурийге  келем деп жаяу барып,

42мың 500күн су ішпедім.

 

Махаббаттасып жүр екен есек ара,

Шыбындар сүйісіп тұр көшеде ана.

Африкалық жирафпен жиын аштым,

Онлайн форматта кеше ғана…

 

Тойына шақырып ед, тоты үйленіп,

«Ауылда ұстамат дейд» сеть инелік.

Көбелектер көзінен айырылды ау,

Youtube дегі комантариды оқи беріп.

 

Крокодил шақырып бармай қойдым,

Алтын адам ызбандапты алмай қойдым.

Шымкенттік сиырдың кемпіріне,

Мүйзінен жасап саттым сармай қойдың.

 

Мұздықтан ұн әкеліп, қап, дағармен,

Құмдықта құм жегізіп ат бағам мен.

Өзбекстандық балықтар жүріп өтті,

Мақтадан кеме жасап мақтаралмен.

 

Мен кеше ұшып жүрген қала көрдім,

Суынан жіп жасадым Алакөлдің.

ҰБТ дан өтпей қап маймыл жылап,

Өрмекшіге жалынып пара бердім…

 

Құмайдан жасап сатты қырғи ноқта,

Ошаққа салып едім, күн күйді отқа.

Құмырысқалар жабылып Алматыда,

Доқтырхана тұрғызды бір минутта…

 

Былдырлап сөйлеп еді тас түтігіп,

Қойнына маса ақшамды қашты тығып.

Ешкілер спирт сатып аптека ашып,

Жарғанат байып кетті маскы тігіп.

 

Басы ауырып емханаға қой қаралып,

Қанбасымнан жығылды ойда балық.

Әтештер шашын бояп таңғалдырды,

Тасбақа ернін бояп тойға барып.

 

Қасқырдың тісін алып балта қылам,

Қошқардың сілекейін алқа қылам.

Қалыңқой кеше шығып митингіге,

Марғауды алып тастады мәнсабынан.

 

Газіне шай қайнатқан қырау қардың,

Ақ мысық әкімі екен бір ауданның.

Өткен жылыкаспи теңізін түбіменен,

(Каспи голд)ім арқылы бір аудардым.

 

Алты кез аспанға ұшып матаменен,

Жұлдызды ұрып құлаттым сақаменен.

Facebook те араға сөз салдым да,

Instagram да таныстым бақаменен.

 

Бек Эйр мен піл келіп күтіп алдым,

Жер шарын бүктеп бүкеп жұтып алдым.

Лотерея ойнатып шегірткелер,

Құс жолынан бір пәтер ұтып алдым.

 

Мен кеше, о дүниеге тест бердім,

Жейдемді жылқы сұрап шешіп бердім.

Суырлардың інінде карантин боп,

Аю салған қалаға көшіп келдім.

 

Құс көрдім, қасқыр құсап ұлиды екен,
Түс көрдім, алтын бопты құм илесем.
Жұмаққа жаңа ғана барып келдім,
Поровойы күнменен жылиды екен.

Тозаққа да көзімді салып өттім,
Деген жоқ маған ешкім «жүр үйге сен».
Бір білгенім коронавирус кезінде ақша жеген
Адамдар ол жақта да құриды екен.

«Таразға барам» деп ем сәлем айтты,
Жамбыл мен Абай атам бір үйде екен.
Тастан салсаң орнында тұрмайды деп,
Алтыннан құйсаң тағы шіриді екен,

Мүсінімді қорладың деп Қонаев ұрысты,
Кейде бізден көңілі суиды екен.
«175 жылдығымды тойлады» деп,
Тек Ұлы Абай Тоқаевқа риза екен!

Leave A Reply

Your email address will not be published.