Доллар бағасы қайтадан арзандады
istockphoto.com
Доллар бағасы қайтадан арзандады: 3 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,09 теңгені құрап, 3,54 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚР Ұлттық банкінің 3 наурызға белгіленген ресми долларының бағамы — 502,6 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 498,2 теңге, сату бағамы — 500,31 теңге. Астана қаласында доллар орта есеппен 495 теңгеден сатып алынып, 502 теңгеден сатылуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 483,4 теңгеден сатып алып, 500,53 теңгеден сатуда.
Еске салайық, 23 ақпандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,29 теңгеге өсті, 24 ақпанда 0,45 теңгеге төмендеді, 25 ақпанда 4,02 теңгеге өсті, 26 ақпанда 0,27 теңгеге өсті, 27 ақпанда 3,68 теңгеге төмендеді, ал 2 наурызда 4,91 теңгеге көтерілді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277218-dollar-bagasy-qaitadan-arzandady