Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 9 адамға жетті
Скриншот
Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 9 адамға жетті: 3 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Щучинсктегі жарылыс салдарынан 28 адам зардап шеккен, оқиға болған күні 7 адам қайтыс болған. 5 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада көз жұмды.
Зардап шеккен бес адам санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген. 2 наурыздағы жағдай бойынша «Авиценна-Бурабай» ауруханасында төрт пациент, Ақмола облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде тағы төрт пациент қалған.
«Аймақ дәрігерлері әрбір пациенттің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.
Алайда қабылданған барлық шараға қарамастан, Щучинск стационарында жатқан ауыр халдегі екі пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277230-shhucinsktegi-zarylys-qaza-tapqandar-sany-9-adamga-zetti