КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАЙДЫ
Ауданымыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі — «Қазақсода» ЖШС-і ауданымыздың экономикалық дамуына өзіндік үлес қосуда.

Ауданымыздың инфрақұрылымын жақсартуда аталмыш кәсіпорынның рөлі ерекше. Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов «Қазақсода» ЖШС-інің ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында аудан басшысы жаңа Конституциялық реформаның тиімділігі туралы кеңінен тоқталды.

Кәсіпорын қызметкерлерін алдағы келе жатқан саяси науқанға қатысуға шақырды. Компания өкілдері еліміз үшін маңызды оқиға саналатын референдумға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.


Реформа қоғамдағы әділеттілікті күшейтуді көздейді. Заң бәріне бірдей қолданылған жағдайда ғана халық сенімі артады.