Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы, облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы «Шығармашылық» бөлімінің басшысы Ғалия Абылай республикалық ақындар мүшәйрасында жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жамбыл Жабаевтың асыл мұрасын ұлықтауға арналған «Жыр жауһары – Жамбылым!» атты республикалық мүшәйра еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты ақындардың басын қосты. Сөз өнерін серік еткен жүйріктер бақ сынаған додада Ғалия Архатқызы шынайы поэзиясымен, мазмұн тереңдігімен, көркем тіл өрнегімен ерекшеленіп, ІІ дәрежелі дипломның иегері атанды.
Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламыңыз мұқалмасын, шабыт шамшырағыңыз сөнбей, жаңа биіктерді бағындыра беріңіз!