Әнші Димаш Құдайбергеннің Михаил Шайдоровқа қандай көлік беретіні белгілі болды
Әнші Димаш Құдайбергеннің Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлігі автосалонда дайын тұр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде чемпионға Hyundai Palisade көлігі берілетіні туралы ақпарат тарады.
Желіде жарияланған көлікте «Мишабай, көлігің құтты болсын! Қазақстан мақтанышы!» деп жазылған.
Бұған дейін Димаш Құдайберген спортшыны жетістігімен құттықтап, сыйлық дайындап қоятынын айтқан еді.
«Мишабай, бауырым, Олимпиада алтыны құтты болсын! Ағаң Дениске, халқыңа берген сертіңді орындадың. Мұз үстіндегі болашағың жарқын, шабытқа толы болсын. Талантпен әлемді бағындыра бер! Олимпиадада менің орындауымдағы әнді таңдағаның да қуантты. Саған темір тұлпар сыйлаймын», – деген болатын әнші.
Айта кетейік, Hyundai Palisade көлігінің Михаил Шайдоровқа берілетінін жазылған мәтіннен-ақ аңғаруға болады. Алайда көліктің мәнерлеп сырғанаушыға табысталғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276958-ansi-dimas-qudaibergennin-mixail-saidorovqa-qandai-kolik-beretini-belgili-boldy