Наурыздың бес жаңалығы: салық, банк, алимент, дәрігер және референдум

0 64

Қазақстанда 1 наурыздан бастап бірнеше маңызды заңнамалық өзгеріс күшіне енеді. Олар салықтан бастап, банк қызметі, отбасы құқығы, медицина және қоғам өміріндегі өзге де бағыттарға қатысты.

Ең басты жаңалықтың бірі салық саласына байланысты. 1 наурыздан бастап салық режимін сақтау не ауыстыру туралы хабарлама жібермеген кәсіпкерлер автоматты түрде стандартты режимге өтеді. Мамандар мұны шағын және орта бизнеске үлкен жауапкершілік жүктейтін қадам деп есептейді.

Сонымен қатар, банк секторында да елеулі өзгеріс бар. Енді барлық коммерциялық банктер тұрғын үй құрылыс жинақ қаражатын тарта алады. Сарапшылар бастама банк нарығында әділетті бәсекені арттырады деп болжауда.

Сондай-ақ…

Банк саласында тәуекелдерді басқару және тұтынушылардың құқығын қорғаудың жаңа жүйесі іске қосылды. Несие беру тәртібі күшейтіліп, азаматтарда мерзімі өткен қарызы болса, оларға жаңа несие беруден бас тартылуы мүмкін.

Отбасы құқығында да маңызды өзгерістер бар. Бұған дейін мүлік дауы ажырасқан сәттен бастап үш жыл ішінде қаралса, енді құқық бұзылған кезден бастап есептеледі. Алимент төлеу тәртібі де жетілдірілді.

«Бұрын шетелде тұратын адамның табысын анықтау қиын болатын. Ол Қазақстанда тұрмағандықтан, аймақтық орташа жалақы есепке алынбайтын. Осыдан алимент қарызын есептеуде қиындық туындайтын. Енді мұндай азаматтар бойынша сот нақты бір соманы бекітеді», – дейді адвокат Евгений Яворский.

Сонымен бірге дәрігерлерге қарсы күш қолдану немесе күш көрсету қаупі үшін жаза күшейтілді.

Енді ақ халатты маманға зиян келтіргендер ірі айыппұлдан бастап, ауыр дене жарақаты немесе кісі өлімі болған жағдайда 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай қатаң шаралар дәрігерлерге жиілеген шабуылдарға байланысты қабылданды.

«Кейбір азаматтар дәрігерлерге туысын жоғалтқаны үшін, емнің нәтижесіне көңілі толмағандықтан зиян келтіргісі келеді. Бірақ мәселені құқықтық аяда шешу керек. Дәрігер құдай емес, ауруды үнемі жеңе алмайды. Бұл мәселе Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де өзекті», – дейді денсаулық сақтау сарапшысы Вячеслав Локшин.

Ал наурыз айының басты оқиғасы жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум. Қазақтар 15 наурыз күні еліміздің жаңа бағыт-бағдарына қатысты өз таңдауын жасайды.

Иллюстрация: Ertenmedia.kz

ertenmedia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.