Жаңа Конституция – халық үнінен бастау алады
Бүгін Жуалы жерінде мазмұнды кездесулер өтті. Бекболат Серікбекұлымен бірге тұрғындармен жүздесіп, Жаңа Конституция жобасының мән-маңызын кеңінен талқыладық.

Б.Момышұлы ауылында басталған кездесу Қарасаз ауылдық округінде жалғасып, әрбір азаматтың пікірі тыңдалды. Бұл – тек түсіндіру жұмысы ғана емес, бұл – халықпен ашық диалог алаңы.

Зиялы қауым мен ардагерлердің ой-пікірлері, ұсыныстары – қоғамның болашағын айқындайтын маңызды бағдар.
Қатысушылар Жаңа Конституция жобасына қолдау білдіріп, оның қоғамды жаңғырту мен әділетті мемлекет құру жолындағы маңызын ерекше атап өтті.

Жаңа Конституция – бұл жай ғана құжат емес. Бұл – әділетті қоғам құрудың берік негізі, әр азаматтың құқығын қорғаудың нақты кепілі.
