«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады

0 31

stockphoto

«ҚазАвтоЖол» жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады: 22 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты төмендегі учаскелерде қозғалыс шектелді:

Ақтөбе облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965-шақырым (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);
• осы автожолдың 965-1153-шақырым аралығы (Қарабұтақ кенті – Ырғыз ауылы);
• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 11-337-шақырым (Ақтөбе қаласы – Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бекеті)» автожолы, 337-346-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Сағыз ауылы).

Павлодар облысы

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

Абай облысы

• «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы (Бақты бекеті)» автожолы, 0-75-шақырым (Таскескен ауылына бұрылыс – «Алматы – Өскемен» автожолынан Үржар ауылына дейін).

Шығыс Қазақстан облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).

Сонымен қатар Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276643-qazavtozol-zoldardyn-qazirgi-axualy-turaly-xabarlady-7

Leave A Reply

Your email address will not be published.