Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің тұғыры!
Жуалы жұртшылығы Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, арнайы мерекелік концертке қатысты.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, конституциялық өзгерістер – елдегі жүйелі саяси жаңғырудың жалғасы. Оның айтуынша, реформалардың негізгі мақсаты – әділдік пен заң үстемдігі қағидаттарын нығайту, өкілді институттардың рөлін күшейту және билік тармақтарының өзара іс-қимылының неғұрлым теңгерімді моделін қалыптастыру. Президент ұсынылған өзгерістердің мәнін ашық түрде қоғам талқысына шығарып, халықты кеңінен ақпараттандыру маңызды екенін де атап өткен еді.

Іс-шара қоғамдық мәдени акция форматында өтіп, оған Жуалы тұрғындары мен қонақтары жиналды.