14 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ҰСЫНЫЛДЫ

0 41
Саудаға делдал араласса, баға шарықтайтыны анық. Ал, бұған шектеу қоюдың жалғыз жолы – ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін жүйелі ұйымдастыру. Осыған орай бүгін облыс орталығындағы «Жастар аллеясы» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп, онда Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен тұрақтандыру қорының өнімдері өткерілді.
Нарық бағасынан 10-20 пайызға төмен бағамен саудаланған 14,3 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде 2,0 тонна ет, 0,6 тонна шұжық өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 1,0 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна кондитерлік өнімдер мен 0,5 тонна макарон өнімдері, 0,2 тонна тұз, қант 0,5 тонна, қарақұмық 0,2 тонна, 0,5 тонна балық, 2,0 тонна ұн, 0,3 тонна бал және 6,7 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
— Мұндай жәрмеңкелер бізге өте ыңғайлы әрі тиімді. Мысалы, мен жұмыртқаның 10 данасын 500 теңгеге алсам, қантты 365 теңгеден сатып алдым. Басқа сауда дүкендеріне қарағанда мұндағы баға едәуір арзан. Сондықтан мұндай жәрмеңке жиі өткізілсе, біз тек қуанар едік, – дейді қала тұрғыны Болат Бекзатұлы.
— Негізі жәрмеңкені жиі өткізу тауар өндірушіге де, тұтынушығы да өте тиімді. Ең алдымен, өзімізде өндірілген отандық әрі сапалы өнімді төмен бағада өткізудің және бағаны тұрақтандырудың ұтымды жолы осы, — дейді ұйымдастырушылар.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
Leave A Reply

Your email address will not be published.