Конституциялық өзгерістер – уақыт талабы
Қоғам жаңарған сайын заң да заман талабына сай жетілдірілуі қажет.

Ұсынылып отырған нормалар азаматтардың мемлекет ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділдік пен теңдік қағидаттарын нығайтуға бағытталған.
Сондықтан әрбір азамат референдумға саналы түрде қатысып, өз ұстанымын білдіруі маңызды.

Осы орайда Тараз қаласындағы Әулиеата ауданындағы Шайқорық, Қоңыртөбе, Танта алабының тұрғындарымен қалалық штаб мүшелері 15 наурызға белгіленген референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткіздік.
Кездесу барысында колледж ұжымы ұсынылып отырған жаңа Конституцияға қатысты өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сұрақтарын қойды.
Әсіресе, білім саласын дамыту, жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, еңбек қатынастары мен әлеуметтік кепілдіктерді нығайту мәселелері талқыланды.
Барлық сауалдарға жан-жақты жауап беріп, Конституциядағы нормалардың ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпалы жөнінде кеңінен түсіндірме жасадық.
Жиын барысында қатысушылар Конституциядағы заң мен тәртіп қағидатын күшейту, мемлекеттік саясаттың ашықтығы, азаматтардың құқықтық қорғалуы, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау бағытындағы өзгерістерге ерекше назар аударды.
Сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері де қозғалды.
Тұрғындар кездесудің маңыздылығын атап, алдағы саяси науқанға белсенділік танытатындарын жеткіздік.