«Денис екеуің ұқсайсыңдар»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті
видеодан скриншот
«Денис екеуің ұқсайсыңдар»: Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті: 20 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Танымал әнші Қайрат Нұртас марқұм спортшы Денис Теннің анасы Оксана Тенмен жүздесті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші мәнерлеп сырғанау спортындағы жетістіктердің көш басында Денис Тен тұрғанын айтып, анасына құрмет көрсете келген.
«Денистей ұлы туған сізге рахмет! Біз сізді жақсы көреміз! Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз!Сіз біздің анамызсыз! Әлі де қаншама жастарды тәрбиелеп жүрсіз», — деп алғыс айтты әнші.
Әншінің өзін арнайы іздеп келгеніне риза болған Оксана Тен де оған жылы лебізін жеткізді.
«Уақыт тауып келгеніңе ризамын. Саған табыс тілеймін! Денис сені өте сыйлаймын. Шығармашылығыңды құрметтейтін. Саған тәнті болатын! Сендер ұқсайсыңдар», — деді ол.
Сонымен қатар Оксана Тен Қайрат Нұртасқа бірлескен жоба жасауды ұсынды. Өз кезегінде әнші екі сөзге келмей тегін көмектесуге дайын екенін білдірді.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276592-denis-ekeuin-uqsaisyndar-qairat-nurtas-denis-tennin-anasyna-qurmet-korsetti