Бала ұрлығына жол бермеген азамат марапатталды

0 19
Жамбыл облыстық Полиция департаментінде 13 жасар жасөспірім қызды құтқарып қалған Тараз қаласының тұрғыны Нуркен Умаровты марапаттау рәсімі өтті.
🔹 Шара барысында аталған департамент бастығы Қайсар Сұлтанбаев Нуркен Умаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтіп, оған ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын білдірді.
✅ Еске сала кетсек, жуырда облыс орталығында екі белгісіз адам автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болған еді. Бұған бейжай қарамаған азаматтың дер кезінде араласуының арқасында келеңсіз жағдайға жол берілмеді. Күдіктілер жедел түрде анықталып, полиция қызметкерлерімен ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.
Leave A Reply

Your email address will not be published.