Қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қалай қайтарып алуға болады?
Жамбыл облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының мәліметінше, азаматтар қате немесе артық төленген МӘМС жарналарын қайтарып ала алады.
Бұл қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін мемлекеттік корпорацияға қағаз түрінде өтініш беру қажет.
Өтініш беру тәртібі:
• Егер азамат дербес төлеуші болса, өтініш арнайы үлгі бойынша толтырылады.
• Егер өтініш жұмыс беруші арқылы берілсе, қызметкердің қаражатын қайтаруға берген жазбаша келісімі қоса тіркелуі тиіс.
Мемлекеттік корпорация бөлімшелерінің мекенжайлары мен өтініш үлгілері Қордың ресми сайтында https://msqory.kz/ru/ орналастырылған.
Қаражат өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Қайтарудан бас тарту себептері:
Қаражатты қайтарудан келесі жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
• бұрынғы төленбеген кезеңдер бойынша берешек болса;
• құжаттарда мәліметтер қате көрсетілсе;
• өтініш заң талаптарына сәйкес келмесе;
• дербес деректерді өңдеуге келісім берілмесе.