Жаңа министр ант берді

0 36

Бүгінгі үкімет отырысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың ант беруімен басталды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Қазақстан халқы мен Президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін», — деп ант берді Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында.

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды
Тоқаев еңбек министрін қызметінен босатты
Еске сала кетейік, Асқарбек Ертаев қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына келген болатын.

Фото: Үкімет

Politico.kz. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.