Жамбылдықтар жаңа Конституцияны қолдайды!

0 41
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалицияның Республикалық штабы мүшесі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбутәліп Муталы бастаған облыстық штаб мүшелері – «АМАНАТ» партиясының ардагері Қасымхан Төлендиев, Білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Ерұлан Мағзымбеков және «ҚазТрансГаз» Тараз қалалық филиалының директоры, облыстық мәслихат депутаты Бегалы Ералиев Жамбыл ауданындағы «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС, Аса ауылының мәдени демалыс кешені және «АзНур» АГРО өндірістік коперативі ұжымдарының қызметкерлерімен жұмыс орындарында кездесіп, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын түсіндіріп, 15 наурызда болатын республикалық жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды.
Кездесулерге сондай-ақ, аудандық партия филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұхтар Шайдаев және мекеме басшылары Ғабит Дүйсенов, Аида Қалисаева және Азат Сатанов қатысты.
Жамбылдықтар жаңа Конституцияның жобасын қолдайтындарын және референдум күні конституциялық құқықтарын пайдаланып, азаматтық парызын орындап сайлауға қатысатындарын жеткізді. Алға, Қазақстан!
Leave A Reply

Your email address will not be published.