Жетісу облысында дүкенде газ жарылды: бірнеше адам зардап шекті
Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылды. Оқыс жағдай 15 ақпан күні шамамен сағат 18:45 шамасында тіркелген.
Жарылыс салдарынан ғимараттың сыртқы қабырғасы мен шатырының бір бөлігі құлап, шамамен 36 шаршы метр аумақ зақымданған. Үш адам түрлі жарақат алып, медициналық тексерістен кейін орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы орташа, тұрақты
Оқиға орнына Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жедел жетіп, 27 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Politico.kz.
Фото: ашық дереккөз