Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 21 қаңтар күні Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дауылды ескерту сақталады:
Алматы қ.: 16 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
16 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 16 ақпанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 16 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 16 ақпанда күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
16 ақпанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
16 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда күндіз Павлодар облысының батыс жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
16 ақпанда түнде Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
16 ақпанда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
16 ақпанда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
16 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тұман күтіледі. Жел батыстан оңтүстікке ауысып соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
16 ақпанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
16 ақпанда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 ақпанда түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
16 ақпанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.
16 ақпанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
фото: istockphoto.com