Шу ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

0 481

Бүгін аудан әкімі Нұржан Календеров жаңадан аудан әкімінің орынбасары болып тағайындалған Ербол Аймамбетовты аудан активіне таныстырды.
Ербол Еркінұлы 1968 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Алғаш еңбек жолын 1992 жылы Алматы ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінде қызметкер болып бастаған. Кейінде 2000-2003 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маманы, 2003-2005 Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, кадр және бақылау жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2010-2013 жылдары аралығында Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2016-2018 жылдары Шу ауданы әкімінің орынбасары, 2018-2019 жылдары Жамбыл облысының кәсіпкерлер Палатасының Шу ауданындағы филиалының директоры. 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы, Шу ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы. 2020 жылдың 21 қыркүйегінен бүгінге дейін аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарып келді. Аудан басшысы Ербол Еркінұлын тағайындау туралы өкімімен таныстырып, аталған қызметті абыройлы атқаратынына сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.
Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғыс білдіремін. Мен өз кезегімде қызметіме адалдық танытып, ауданымыздың өсіп-өркендеуі үшін барлық күш-жігерімді жұмсауға тырысамын-деді Ербол Аймамбетов өз сөзінде. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Жасұлан Әбенов жаңадан тағайындалып жатқан аудан әкімі орынбасарының алдағы атқарар қызметіне табыс тіледі. Соңында аудан басшысы Нұржан Календеров лауазым иесін орнына жайғастырып, бөлім басшылары құттықтау тілектерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.