Ұлттық ұлан сақшылары жоғалып кеткен 6 жастағы баланы тауып берді
Ұлттық ұлан
Ұлттық ұлан сақшылары жоғалып кеткен 6 жастағы баланы тауып берді: 13 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Ұлттық ұлан сақшылары жоғалған 6 жасар қызды іздеп тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Павлодар қаласында сағат 22:10 шамасында Назарбаев көшесі бойын патрульдеу барысында 5512 әскери бөлімінің сақшыларына әйел адам жүгініп, алты жастағы қызының жоғалып кеткенін хабарлайды.
Ақпаратты алған әскери қызметшілер дереу іздестіру шараларына кірісіп, баланың жүруі мүмкін деген бағыттарды тексеріп, жақын маңдағы көшелер мен қоғамдық орындарды қарап шықты.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде бала Байзақов атындағы филармония маңынан табылып, анасына аман-есен тапсырылды. Қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276144-ulttyq-ulan-saqsylary-zogalyp-ketken-6-zastagy-balany-tauyp-aldy