ОЛЖАС ОТАРДЫҢ “АУЫРМАЙДЫ ЖҮРЕК” КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

0 32
Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қаламы қарымды, ойы терең, сезімді сөзбен сөйлете білетін талант иесі, ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесер кеші өтті.
📌 Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнерсүйер оқырмандар жиналып, жаңа туындының рухани құндылығы мен мазмұндық ерекшелігі жайында жылы лебіздерін білдірді. Кеш барысында ақынның жүрек түкпірінен шыққан жырлары оқылып, шығармашылық жолы мен ізденісі туралы тағылымды әңгімелер айтылды.
📍 «Ауырмайды жүрек» – адам жанының нәзік иірімдерін, өмірдің өткінші сәттері мен мәңгілік сезімдерді арқау еткен сыршыл жинақ. Автор бұл еңбегі арқылы оқырманын терең ойға жетелеп, сезім мен сана үндестігін шебер жеткізе білген.
✅ Кеш соңы қолтаңба беру рәсіміне ұласып, әдебиетсүйер қауым үшін ерекше рухани мерекеге айналды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.