Мұқағали рухына тағзым: Жамбылдық полицей ақынға арнау өлеңін жолдады

0 13

Биыл қазақ поэзиясының ақиық ақыны, ұлт руханиятының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр.

Осы айтулы датаға орай Жамбыл облысы Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ботакөз Темірбаева ақын рухына тағзым білдіріп, жүрекжарды өлеңін арнады.

Ішкі істер саласында қызмет ете жүріп, руханиятқа жақындық танытқан полиция қызметкері Мұқағали жырларын бала кезінен сүйіп оқитынын жеткізді. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ аудандық «Мұқағали оқулары» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бүгінде ақынға арнап шығарған ондаған өлеңі бар, ал оның 20-дан астам өлеңін жатқа біледі.

Арнау өлең арқылы автор Мұқағали мұрасына деген құрметін білдіріп қана қоймай, жас ұрпақты ақын шығармашылығын қастерлеуге үндейді.

Мұқағали Мақатаевтың әдеби мұрасы — уақытпен өлшенбейтін рухани қазына. Оның жүректен шыққан жырлары әр буынның жан дүниесімен үндесіп, ұлт руханиятымен бірге жасай бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.