“Министрлер мен депутаттардың балаларын әскерге жіберу керек”

0 34

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт әскердегі әлімжеттік мәселесін көтерді.

Ринат Зайыт әскердегі жағдайды түзеу үшін әскери жарғыны күшейту қажет екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ депутат шенеуніктердің балаларын  әскерге жіберуді міндеттеу керектігін атап өтті.

«Устав дейміз ғой. Бірақ жарғымен ештеңе орындалмайды. Егер әскери  борышын өтеушілер тек сол уставпен жүретін болса, олардың бір-бірін тиісуге, қастық көрсетуге уақыты да, шамасы да болмайтын еді. Менің ойымша, біздегі бейберекеттік уставтың орындалмауынан болып отыр. Екіншіден, әскери жағдайды түзету керек болса, мен оны министрге пленарлық отырыстарда да айтқанмын. Әуелі министрлердің, әкімдердің және депутаттардың балалары әскери борышын өтеуге міндеттелуі керек», – деді Ринат Зайыт.

ашық дереккөз

 Alash.kz ұлттық порталы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.