Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде – Бақыт Нұрмаханов

0 27

Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде – Бақыт Нұрмаханов: 7 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмаханов Конституциялық комиссия келіп түскен ұсыныстарды мұқият зерделеп жатқанын баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап түрлі арналар арқылы төрт мыңнан аста ұсыныс келіп түсті. Азаматтар ғылыми қауымдастық өкілдері, құқықтанушылар мен үкіметтік емес ұйымдар конституциялық ерелжелерге айрықша көңіл бөліп отыр.  Олар болашақ Конституция жобасын бүкіл халықтық талқылау аясында жоғары белсенділік танытуда. Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде. Талдау нәтижелері көрсеткендей олардың кейбіреулерін жобаға енгізуге болады. Олар баптардың мазмұнын толықтырады. Кепілдерді күшейтеді. Құқықтық  нормаларын, тұжырымдарын жетілдіреді. Әрі құқықтық  айқындық пен нақтылық деңгейін арттырады. Конституция жобасының мемлекеттік тіл бойынша атқарылып жатқан жұмыс оның орыс тіліндегі мәтініне елеулі және оң ықпал етіп отырғанын ерекше атап өткім келеді. Нәтижесінде жекелеген ережелердің редакциялары қайта құрылымдалып, нақтыланып жатыр. Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс енгізді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықты реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес  ҚР ұлттық валютасы ақша бірлігі теңге. Теңгені эмиссиялаудың айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі», — дейді ол.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275828-konstituciialyq-komissiia-arbir-usynysty-pikir-men-eskertudi-muqiiat-zerdeleude-baqyt-nurmaxanov

Leave A Reply

Your email address will not be published.