🔰Конституциялық реформа – болашақ үшін маңызды қадам!

0 25

🔹Конституция жобасын түсіндіру шеңберінде шаһар басшысы Т.И. Батуров атындағы Жамбыл мемлекеттік аймақтық электр стансасының ұжымымен кездесу өткізді.

🔹Жиын барысында қызметкерлерге жаңа реформаның мәні, өзектілігі және оның артықшылықтары кеңінен баяндалды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков Мемлекеттік маңызды құжаттағы өзгеріс–болашақ үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

🔹Сондай-ақ, Тараз қаласы мәслихатының төрағасы Олжабай Кенжебек Мамашбайұлы Ата заңға ұсынылуы мүмкін өзгерістерге тоқталып, Конституциялық реформаны бекітетін референдум баршамыз үшін маңызды науқан екенін айтты.

🔹Кездесуде қатысушылар да саяси бастамаға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

📌Жиын соңында қала әкімі Бақытжан Орынбеков алдағы жалпыхалықтық референдумның маңызын атап өтіп, азаматтарды оған белсенді қатысуға шақырды

Leave A Reply

Your email address will not be published.