ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

0 36
Қордай ауданында білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылауға арналған көшпелі кеңес өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Оршубеков Нұрбек Абубекович, аудандық білім бөлімінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сала мамандары қатысты.
Көшпелі кеңес барысында басқарма басшысы Оршубеков Нұрбек Абубекович өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметіне жан-жақты талдау жасап, білім сапасын арттырудың негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, оқушылардың білім жетістіктерінің деңгейін көтеру, оқу үлгерімін жүйелі бақылау, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін жақсарту, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, мектептердегі тәрбие жұмысының сапасын арттыру, оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, білім беру ұйымдарындағы ішкі бақылау жүйесін жетілдіру бағыттары да кеңінен талқыланды. Басқарма басшысы білім беру ұйымдары басшыларының басқарушылық жауапкершілігін күшейтіп, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмысты жолға қою қажеттігін атап өтті.
Кеңес барысында Қордай ауданы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Қожабергенова Анар Талғатқызы аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.
Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, білім сапасын арттыру және тәрбие жұмысының тиімділігін күшейту бағытында нақты тапсырмалар беріліп, бірқатар ұсыныстар қабылданды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.