Барлық бағыт бойынша жұмыс міндетті түрде жалғасын табады

0 29
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысы өтті. Жиында ведомствоның 2025 жылғы жұмысы қорытындыланды.
Былтыр министрлік 53 инфрақұрылымдық жобаны аяқтады. Оның ішінде ұзындығы 677 км болатын ирригация жүйесін салу, реконструкциялау және тазалау, 4 су қоймасын реконструкциялау, 15 топтық су құбыры желісін салу және реконструкцияланды. Нәтижесінде 277 елді мекендегі 514 мың тұрғынның орталықтандырылған ауызсуға қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, жақсартылды.
Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Солтүстік Арал теңізінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жоба әзірленді. Жоба Арал-Сырдария бассейнінің су шаруашылығы инфрақұрылымын қайта жаңғыртуды көздейді. Сонымен қатар 2025 жылы Қ. Сәтбаев атындағы каналда 19 насос агрегатын модернизациялау жұмыстары басталды.
Қазіргі уақытта 5 агрегат орнатылып жатыр.
әзірленіп, пилоттық режимде жұмыс істеп тұр: 12 модульдің 8-і іске қосылды. Қазіргі уақытта жүйе мемлекеттік органдардың негізгі ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған. Сонымен қатар былтыр су ресурстарын қорғау және пайдалану қағидаттарын түбегейлі жаңартқан жаңа Су кодексі күшіне енді.
«Қазсушар» РМК филиалдары ұзындығы 1840 км болатын каналдарды механикалық әдіспен тазалады. Биыл 2200 км каналды тазалау жоспарланған. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 50%-ға өсті.
Заңсыз су алу әрекеттерімен күресу мақсатында министрлік Бас прокуратурамен бірлесіп судың «қара нарығын» жоюға арналған іс-шаралар жол картасын қабылдады. Қауіп аймақтары анықталып, суару суын беру келісімдері цифрлық форматқа көшірілуде, сонымен қатар цифрлық және спутник арқылы бақылау құралдары енгізіліп, басқа да шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және рационалды пайдалану туралы келісімге қол қойды. Қытай компанияларының консорциумымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, оның шеңберінде ҚХР инвесторлары Тараз қаласында су ресурстары мен ирригациялық жүйелерді басқару үшін смарт-технологиялар шығаратын зауыт ашады.
Барлық бағыт бойынша жұмыс міндетті түрде жалғасын табады. Биыл су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасында көрсетілген индикаторларға қол жеткізу қажет. Біздің 2030 жылға дейін қосымша 2,6 млрд текше метр еріген және тасқын суды жинау, 295 мың га жаңа суармалы жерді пайдалануға енгізу, трансшекаралық суға тәуелділікті 15%-ға азайту және каналдардағы суды жоғалту деңгейін 50%-дан 35%-ке дейін төмендету мақсатымыз өзгермейді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.