Әлеуметтік әмиян»

0 31
📌Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы жарияланды. Осыған орай, «AMANAT» партиясының «Цифрлық қоғам» партиялық жобасы аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынуда.
▶️ Аталған жоба шеңберінде облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесін пайдалану бағытында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитетінің бас сарапшысы Әсем Тукатова қатысты.
▶️ Іс-шара барысында Әсем Тукатова «Әлеуметтік әмиян» құралын енгізу және оны тиімді пайдалану бойынша жүргізілуі тиіс жұмыстарды таныстырды. Сонымен қатар, ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қолдау шараларын күшейту, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға арналған ваучерлерді қалыптастырудың негізгі тетіктеріне тоқталды.
▶️ Семинарға Тараз қалалық және аудандық білім бөлімдерінің мамандары, мектептердің әлеуметтік педагогтары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Жиын барысында қатысушылар «Әлеуметтік әмиян» ақпараттық жүйесіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды. Сондай-ақ, жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.