Бүгін – жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлының туған күні.
Көсемәлі Сәттібайұлы 1959 жылдың 3-ші ақпанында Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
Қаламгердің «Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар», «Шаншу, көк шелек, мен және Асқар ақын», «Шеткері үйдің жарығы», «Елгезек Бағдаршамның басынан кешкендері», «Күнге ғашық өлкеде» және «Тараздан тәбәрік» атты кітаптары жарық көрген. «Бастау», «Қазақ палуандары» атты ұжымдық жинақтарға хикаялары мен эсселері енген.
«Шеткері үйдің жарығы», «Бағдаршамның басынан кешкендері», «Күнге ғашық өлкеде», «Тараздан тәбәрік», «Сайқымазақ дүние», «Шарбақтының жалғызы», «Аран», «Шың мен Шынар» және «Хауа Ананың көз жасы» атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, қырғыз және түрік тілдеріне аударылды.