Дания AstraZeneca вакцинасынан бас тартты
Дания AstraZeneca препаратын дәрі-дәрмектер тізімінен шығарды. Алайда, бұл оқиғаға дейін билік 2,4 миллион дозадан тұратын препаратты сатып алған болатын. Сонымен қатар, Дания америкалық Johnson&Johnson вакцинасынан уақытша бас тартты.
Еуропалық комиссия 2022 жылдан бастап AstraZeneca және Johnson&Johnson компанияларымен байланысты тоқтатады. Осыған байланысты, болашақта Еуропалық Одақ (Евросоюз) векторлық вакциналардың орнына, РНҚ препараттарын қолданбақшы.
Қазіргі таңда Johnson&Johnson вакцинасына көптеген елде шектеу қойылып жатыр. Мысалы, жақында АҚШ-та осы вакцинаны салдыраған 6 адамда тромбоз белгілері байқалған. Солардың бірі қайтыс болды. Осы оқиғадан кейін Еуропада аталмыш вакцинаға шектеу қойылды.
Vaxzeria өндірісінің әсері мен қауіпсіздігі оның нәтижесінде байқалатын белгілеріне байланысты. Сондықтан, 8 сәуір күні Еуропа компанияларына AstraZeneca вакцинасынан кейін тромбоз белгілері байқалуы мүмкін екені ескертілді.
Наурыз айында осы тромбоз қатеріне байланысты бірнеше ел компания өнімін алудан бас тартты. Оның себебі – вакцинадан кейінгі өлім көрсеткішінің көбеюі. Мысалы, Данияда AstraZeneca препаратынан кейін бір емделуші қайтыс болды. Норвегияда тромбоздың әсеріне үш медициналық қызметкер ауруханаға түсті. Олардың біреуі өмірден өтті. Мұндай оқиғалар Словакия, Италия, Франция және т. б елдерде орын алған.