«Экс-күйеуіне ерегесіп, сәбиін ұрып-соққан»: тағы бір қатігез ана өз баласына қорлық көрсетті

0 77

Тағы бір ананың өз баласына қатігездік жасаған видеолары тарады. Бейнежазбада сәбидің бетінен шапалақтап, жылатып: «көр,міне, балаңды аяйды деп ойлама» деп айтқан. Тағы бір видеода жасы үлкендеу қызына кішкентайын әдейі ұрғызған. Әйел екі жағдайды да өзі телефонның камерасына түсірген.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, әйел бұрынғы күйеуіне жаялыққа ақша бермегені үшін ерегесіп,  баласын соққыға жыққан.

Тараз қаласының полициясы ҚК140-бап, 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу бастаған.

«Баланы жедел түрде медициналық қызметкерлер тексеріп, медициналық сараптама тағайындалды. Әйел адам оқиғаның мән жайын толық, обьективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді», — деді ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында баласын жылу батареясына байлап қойып ұрған ана ұсталған еді.

Фото: скрин

 Todayinfo

Leave A Reply

Your email address will not be published.